Семинар-тренинг

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және  «ЖООКБББ оқытушылық қызметіне тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №155 бұйрығын орындау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне физика докторы, Даугавпилс университетінің доценті (Латвия, Даугавпилс қ.) Ignatjeva Svetlana келді.

Бағдарламаға сәйкес 2022 жылдың 3 қарашасында сағат 14:00-де ЖОО қызметкерлері үшін «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы оқытушылардың эмпирикалық зерттеулерін іске асыру» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтеді.

Осы іс-шараға қатысуға барлық ниет білдірген ЖОО қызметкерлерін шақырамыз.

Өтетін орны – 313 кабинет (мәжіліс залы).