Мұхаметжан Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 02 қарашасында 6В01508-Биология білім беру бағдарламаларының студенттерінің қатысуымен Мұхаметжан Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында болашақ биология пәнінің білімгерлері Жетісудың табиғаты мен өлкенің алуан түрлі өсімдік және жануарлар әлемімен, жерасты қазба байлықтарымен, сонымен қатар музейде қойылған экспозициялармен танысты.