ҚОС МҰҢЛЫҚ ТЕАТР ҚОЙЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ОЙ

Қараша айының 9-шы жұлдызында Қазақ КСР-інің халық артісі Бикен Римованың 100 жылдығына орай Жетісу облыстық театрында «Қосмұңлық спектаклі» көрермен назарына ұсынылды. 

Режиссер Мұрат Ахмановтың бұл туындысында қазіргі таңдағы ең үлкен  проблеманы қозғайды. Қартайған шағында баласынан жапа шеккен ананың қарттар үйіне баруы қойылымның мазмұны болады. Көпті көрген ана ұлының болашағы үшін болашақ келін атанғысы келетін желіккен қыздарды табалдырықтан аттатпайды. Бірақ бұны түсінбеген жалғыз ұлы анасын тастап, қыз соңынан кете барады. Бұл тақырып қазірде өзекті. Панасыз қалған қарттардың өз кіндіктерінен жақсылық таппай, әр үйдін табалдырығын аттап, қарттар үйін соңғы тұрақ еткен жандар қаншама?! Міне осы ауыр да ащы тақырыпты автор барынша нәзік бейнелеуге тырысқан. Туынды осынысымен құнды.

Театр осы қойылымға өте тыңғылықты дайындалғанын бір қарағаннан көруге болады. Бас рөлді белгілі Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Алмахан Кенжебекова, Базарбек Тоқымбаев сияқты барын салып сомдады. Қосалқы рөлдегі өнер иелерінің де тақырыпты ашуға өзіндік ерекшеліктері бар. Екі дүниені салыстыра баяндау, қиыннан қиыстырып оқиға желісін дамыту, көрерменді бірде мұңайтып, бірде қуанышқа бөлеген нәзік картиналар актерлердің  шеберлігін анық танытты. Көрермен аса зор құрметпен еш қимылсыз тыңдап, «келесіде не болар екен» дегендей емірене ықылас қойды. Демек, бұл аталмыш қойылымның баршаға әсер етіп, әр жүрекке жол тарта білгенінен дерек беретіндей.      

ЕРАСЫЛ ИМАНБЕК, ЖҚ-211 студенті.