«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты дөңгелек үстелі

21.11.2022 жылы Жаратылыстану жоғары мектебінің Педагогикалық информатика бойынша БББ-ның оқытушы-дәріскері Есейқызы Айымның ұйымдастыруымен «Информатика», «Математика-информатика», «Математика» білім беру бағдарламаларының 1 курс білімгелері арасында «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында студенттер 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше) электрондық постер әзірлеп, өз көзқарастарын  қызу пікірталас барысында ортаға салды. Балалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты дұрыс ойларын қалыптастыру мақсатында жасырын сауалнама алынып, қорытынды тұжырымдар айтылды. Студенттер «жемқорлықсыз гүлденген елге қол жеткізу – әркімнің өз қолында» – деген оймен дөңгелек үстел аяқталды.