Кездесу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2022 жылдың 6 желтоқсанында жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын бітіруші түлектердің Жетісу облысы білім басқармасының өкілі Саманова Саида Камильевнамен кездесуі өтті. Шара аталмыш грант негізінде оқуды аяқтайтын түлектерге міндетті үш жылдық жұмыс өтемі жайлы толық ақпарат беріп, басты мәселелерге тоқталу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге 6 жоғары мектептен 100-ден аса болашақ жас маман қатысты. Жиын барысында спикер жергілікті білім беру грантының басты ерекшеліктері мен басқа грант түрлерінен айырмашылығына тоқталды. Күн тәртібінде міндетті үш жылдық жұмыс өтемі және жұмысқа орналасу тақырыбы да талқыланды. Қатысушы білімгерлер осыған байланысты туындаған сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Ағымдағы оқу жылында университетті жергілікті бюджет қаражаты есебінен 312 білімгер аяқтағалы отыр. Жиын соңында мамандар алдағы уақытта жас мамандарға барынша қолдау көрсетіп, жұмыспен қамту бағытында атқарылатын міндеттер туралы айтты.