02.12.2022жылы Жетісу университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ҚТӘ-412 тобы және эдвайзер Гүлмира Саятқызының ұйымдастыруымен «Өз тілің бірлікке, Өзге тіл тірлікке» атты тәрбие сағаты өткізілді.Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – қазақ тілінің мәртебесі. Тақырып аясында үлкен ахуал, мемлекеттегі қазақ тілінің қолданыстағы көрсеткішінің дәрежесі, орыс тілді сөзінің мағынасы және үлкен проблеманың шешімі жайлы жоба ұсынылды.Онымен қоса жігерлендіретін, бойды баурап аларлықтай ән мен күй де тәрбие сағатының мәнін аша түсті. Аталмыш іс-шараның үлкен жетістігі – топ білімгері Ж.Сағындықтың арнайы тіл жанашырларына деп ұсынған «Тіл таным» атты сайты (https://tiltanymportal.wixsite.com/tiltanym). Сайттың берері – сөздіктер жинағы, кітапхана, онлайн кеңес, сұрақ-жауап бөлімдерінен құралған 3 тілде ұсынылды. Тәрбие сағаты гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Қойшыбекұлының жылы лебізі мен аяқталды.