Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!

2022 жылдың желтоқсан айының 7 күні І.Жансүгіров  атындағы Жетісу университеті жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01506 «Химия» мамандығы бойынша қазақ, орыс топтарының білімгерлері мен топ кураторы  оқытушы-ассистент Маманова Салтанат Абылқасымқызының  ұйымдастыруымен «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» атты жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өткізілді.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Тәрбие сағатында білімгерлер жемқорлыққа қарсы толық ақпарат алды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деп есептейміз.