Жаһандану контекстіндегі қазақ мәдениеті. Қазақстанның мәдени саясаты

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы оқытушы-Л.С. Нұрбосынова Кеқ, ЭБқ, МЖБқ, АПқ, ППқ, БОПжӘқ, МДқ мамандықтары бойынша қазақ тілінде оқытатын 1 курс студенттеріне «Мәдениеттану» курсы бойынша инновациялық технологияларды пайдалана отырып «Жаһандану контекстіндегі қазақ мәдениеті. Қазақстанның мәдени саясаты» тақырыбында ашық дәріс өткізді (25.11.2022). Сабақтың негізгі мақсаты мәдени саясаттың қазақстандық моделінің базалық басымдықтарын, оның бағыттарын негіздеу және әлемдік үдерісте қазақ мәдениетінің бірегейлігін айқындау болды. Қоғамның рухани негіздері және тұлғаның жасампаз бастамасы, адам мәдениеті мен экологиясының үйлесімі бүгінгі таңда қоғамның басты құндылық бағдары болып табылады.