Кураторлық сағат « ҚР Тәуелсіздік күні»

08.12.2022 ж – орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының РЯЛ-111 және РЯЛ-112 топтарында «ҚР Тәуелсіздік күні» кураторлық сағаты өтті. Аталған іс-шараны Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер К.А.Чеснокова және магистр, оқытушы-ассистент А.К. Жазыбекова ұйымдастырып, өткізді.

Іс — шара аясында эдвайзерлер студенттерге Тәуелсіздік күні–тарих пен өз еліне деген шынайы сүйіспеншілікті біріктіретін ерекше мереке деген идеяны жеткізді.

Студенттер өз тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған тұлғаларды, жарқын болашақ үшін Қазақстан халқы қандай қиындықтармен күрескені туралы еске алды.

Іс-шараға қатысқан білімгерлер ең бастысы–ел болашағы әрбір азаматтың қолында екенін әрдайым білу деген қорытындыға келді.