Жас педагогтарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі мен Жетісу облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ынтымақтастығы аясында 2022 жылдың 8 желтоқсанында университет базасында «Тәжірибе мектебі: көркем мәтінді талдау» ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың  зерттеу дағдыларын дамытуда қолдау көрсету.

Жұмыс барысында филология ғылымдарының кандидаты, «Орыс тілі мен әдебиеті» БББ-ның қауымдастырылған профессоры (доцент) Эмма Викторовна Ли қатысушылармен бірге В.Набоковтың шығармаларының біріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді. Семинарға облыстың 7 өңірінен 30 жас педагог қатысты.

Оқу-әдістемелік орталық Э.В. Ли мен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіне жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.