«ОГНИ АЛАТАУ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫМЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

Бірінші семестрдің 14-аптасында Журналистика және ақпарат БББ ЖР-311 тобына Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Еспанов Хасан Рашидович шеберлік сыныбын өткізді.
Бас редактор «Огни Алатау» газетінің тарихы, мерзімді басылымның даму келешегі және қоғамдағы өзекті тақырыпты насихаттаудың маңызы туралы әңгімеледі. Журналистің жетістікке жету жолы жайлы әңгімесі жастардың қызығушылығын оятты.
Журналистикадағы стильдер мен формалар, жазудың әртүрлі тәсілдері және радио және газет журналисі мен тележурналистің айырмашылығы мен ұқсастығы туралы айтқан Хасан Рашидович, сондай-ақ сөйлемдердегі сөздерді орнымен қолдану, мақаланың тақырыбын ұтымды қоюдың жолдары, сандарды жазудағы жиі кездесетін қателіктерге тоқталды. Мұнымен бірге, қазіргі журналистиканың жай-күйі, Жетісу облысында болашақта ашылатын «Понарама Жетісу» газеті жөнінде баян етті.