2022 жылдың 7 желтоқсанында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінінің «Шет тілі және аударма ісі» БББ оқытушылары Доскелдина А.С., Жабықбаева Д.М., Жалелова Ж.А., Калибаева М.Ж., Сартова А.Е. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында Ted talks форматында байқау өткізді. Байқаудың мақсаты: студеннтердің бойында отансүйгіштік, азаматтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл байқаудың спикерлері ШТҚ 111, ШТҚ 112, ШТҚ 113, ИЯР 111, ПДР 111 топтарының 1 курс студенттері болды. Сөз сөйлеуде студенттердің сыбайлас жемқорлықсыз Жаңа Қазақстанды құру идеялары көрініс тапты.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды ШТҚ 111 топ студенті Сұлтанғазықызы Аруза, 2 орынды ШТҚ 112 топ студенті Элеонора Мұратова, 3 орынды ШТҚ 111 топ студенті Муратова Элеонора иеленді. Жеңімпаздар шағын сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/bcda852d-cd19-43ef-a244-7db72ca351c4-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/9582650a-7497-4be7-aae5-cf5de7d0e16c.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/163523ba-5625-4e82-9639-759f40c8d97a.jpg)