І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті желтоқсан айының басында студенттер арасында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты эссе байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін нығайту және отанға, туған елге, жерге деген құрметін күшейту, ұлттық сананы қалыптастыру.
Ұйымдастырылған шараның талабы мен шартына сәйкес 20-ға жуық білімгердің туындысы сарапқа салынды. Байқау нәтижесі Жетісу университетінің бас ғимаратында өтіп, Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 2 курс студенті Гүлнұр Ермұханқызы І орынға ие болды, ғылыми жетекшісі оқытушы-дәріскер Албатыр Илесбек. Жүлделі ІІ орынға орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының 2 курс студенті (магистратура) Аяжан Қалиақбардың еңбегі лайық деп танылды. Ал ІІІ орынды арнайы педагогика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Арианна Сұлтан қанжығалады.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/c7c9cd7d-4f20-4b5d-a6db-b4b3cef23b48-1.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/e6d67e45-48a9-409c-82c0-80e04b16dec7-1024x713.jpg)