ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті желтоқсан айының басында  студенттер арасында  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты эссе байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін нығайту және отанға, туған елге, жерге  деген  құрметін күшейту, ұлттық сананы қалыптастыру.

Ұйымдастырылған шараның талабы мен шартына сәйкес 20-ға жуық білімгердің туындысы сарапқа салынды.  Байқау нәтижесі Жетісу университетінің бас ғимаратында өтіп, Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 2 курс студенті Гүлнұр Ермұханқызы І орынға ие болды, ғылыми жетекшісі оқытушы-дәріскер  Албатыр Илесбек. Жүлделі ІІ орынға орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының 2 курс студенті (магистратура) Аяжан Қалиақбардың еңбегі лайық деп танылды.  Ал ІІІ орынды арнайы педагогика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті  Арианна Сұлтан қанжығалады.