ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2022 жылдың 21 желтоқсанында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық тәжірибе бойынша бағыттау конференциясы өтті.

Практика жетекшілері Джиренбаева Г.Н., Сералиева Н.Ж. студенттерді мақсаттар мен міндеттермен, өндірістік тәжірибе бағдарламасымен, есеп беру құжаттамасының негізгі түрлерімен таныстырды.

Педагогикалық іс-тәжірибеге дайындық барысында гуманитарлық ғылымдар жоғары   мектебінің  орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының сұрауы бойынша  2022 жылғы 1 желтоқсанда Жетісу облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  «Орыс тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті орыс тілінде оқытпайтын мектептерде» мамандықтарының 3,4 курс студенттеріне  «Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар  ұйымдастырды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 4 қарашасында   3 және 4 курс студенттері «Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі» тақырыбында  Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін семинарға қатысты.   Семинарларды қала мен облыс мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері өткізді. жинақтаған тәжірибесін студенттермен жомарттықпен бөлісті, әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етті.

Бағыттау конференциясына педагогика және психология пәнінің әдіскері М.А.Шмидт қатысып, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.  БББ жетекшісі Б.Н.Есімқұлов студенттерге сәттілік тілеп, алдағы ҰБТ-ға тыңғылықты дайындық қажеттігін еске салды.

4 курс студенттері өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Талдықорған қаласындағы №10 ОМГ пен №14   таңдады.