“MEGAMIND” КОНКУРСЫ

2023 жылдың 5 қаңтарында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінінің «Шет тілі және аударма ісі» БББ оқытушылары Доскелдина А.С., Оспан А.К., Жалелова Ж.А., Калибаева М.Ж., Сартова А.Е. Талдықорған қаласы және Жетісу облысының 11 сынып оқушылары арасында “Megamind” конкурсын өткізді.  Бұл байқаудың мақсаты оқушыларды университет қабырғасымен таныстырып, шет тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру. Байқаудың алғашқы шарты үй тапсырмасы “Kazakstan in 10 years”  атты эссесін  жазу, 1ші тур видео бойынша тыңдалымға арналған тапсырмалар, 2ші тур оқылымға байланысты логикалық тапсырмалар, 3ші тур елтану және ағылшын тілінің грамматикасына байланысты сұрақтарға жауап беру және шешуші сайыс оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу деңгейін анықтау болды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орын №12 мектеп оқушысы Қорынбаева Назерке , ІІ орын Ескелді ауданының оқушысы Мұратқызы Бағжан, № 10 мектептен Жеңіс Жанбота және ІІІші орындармен Ескелді ауданының оқушылары Көбехан Ақбота мен Бигашева Алтынай марапатталды.