«Саналы ұрпақ»

2023 жылдың 26 қаңтар күні «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Беисов Ербол Жақсыбекұлы және «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) Жетісу облысы бойынша өкілі Кулумбаев Даулет пен Жаратылыстану жоғары мектебінің ПОҚ кездесуі өтті.   Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру жұмыстары жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар, білім беру процесінде ашықтықты қамтамасыз ету, студенттер мен оқытушылар арасында адалдықты қалыптастыру  жайлы сұрақтар талқыланды.