3-курс студенттерінің іс-тәжірибеден өтуі туралы ақпарат

Талдықорған қаласы «Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының   

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығындағы  3-курс студенттері 9 қаңтардан бастап  іс-тәжірибеден өтуде.  Барған студенттердің барлығына мектеп әкімшілігі бұйрық  шығарып, тәжірибелі ұстаздардан  тәлімгерлерді  бекітті.  

Арнайы жасалған жоспар бойынша барлық жұмыстар жүргізілуде.  Тәлімгерлер алғашқы аптада студенттерді өз сабақтарына қатыстырып, оқушылармен қарым-қатынасты, сабақ кезеңдерінің арасындағы байланысты, жекелей, жұптық, топтық тапсырмалардың ерекшеліктерін, бағалаудың, кері байланыстың жүргізілуін көрсете отырып, 2 аптадан бастап студенттердің өздеріне сабақ бергізді.   Сабақ барысында ескерілетін тұстар сабақ соңында бірден талқылап, келесі сабақтың қысқа мерзімді жоспарын бірлесе жасап үйретуде. Осы уақытқа дейін студенттер  бірлесіп «Тапқыр  болсаң, тауып көр» деген тәрбие сағатын өткізді. Студенттердің  іс-тәжірибесі әлі де жалғасуда.