«Ашық есік» күні

06.02.2023 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде, Жаратылыстану жоғары мектебінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы √19 орта мектеп-гимназиясының бітіруші түлектермен «Ашық есік» күні өтті. Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы И.Ж.Есенгабылов бітіруші түлектерге Жетісу университеті жайлы ақпарат беріп, университет базасымен таныстырды. Кездесуге 11 сынып оқушыларынан 55 түлек қатысты.