«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

2023 жылғы 09 ақпанда Талдықорған қ. Д.Рақышев атындағы №3 қазақ мектеп-интернатында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешті аталған мектепте өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ҚТӘ 411 топ студенттері ұйымдастырды.

Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер орындалды. Сонымен қатар, М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша викториналық ойын ойнатылды. Әдеби кеш әдебиет сүйер жас қауым үшін қызықты да пайдалы болды.