Мұқағали Мақатаев поэзия тұлпары

10.02.2023 жылы Жаратылыстану жоғары мектебі, педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Есейқызы Айымның ұйымдастыруымен Информатика БББ 1 курс студенттеріне  қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты студенттерді қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақиық ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту болды. Студенттер өз жүректеріне жақын болған өлең жолдарын ортаға оқып беріп, ойларымен бөлісті.

Әр студент “Мұқағали Мақатаев поэзия тұлпары” тәрбие сағатынан жақсы әсер алып, ақынның жырларынан үлгі алуға, поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге мүмкіндік алды.