Семинар

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Антикоррупционная экспертиза нормативных правовых актов» семинары өтті.

Семинарды І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық саласындағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының сарапшысы Нұрмұханқызы Дания өткізді.
Семинарға университет оқытушылары мен бөлім қызметкерлері, Жетісу облысының колледждері мен орталық қызметкерлері қатысты.
Семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізгі қағидаттары мен жүйесіне, техникасы мен мақсатына, сараптама жүргізу мерзімдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымына қатысты толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ, сарапшы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды кейіннен жою мақсатында ішкі нормативтік құжаттардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу бойынша тренинг өткізді.