«Үздік» байқауы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өнерлі жастардың «Үздік» байқауы өтті. Шараға білім ордасындағы жоғары мектептерден жас дарындар қатысты.Көрерменге көңіл-күй сыйлап, көрнекті сайыс өрнегін көрсеткен студенттер үш номинация бойынша өзара сынға түсті. Жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау қатысушыларына алғыс хат беріліп, үздіктерге 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Базарбай Нұрай Нұрланқызы мен Құрман Бекзат Берікұлы  «UZDIK»шығармашылық байқауына қатысты. Базарбай Нұрай «Музыкалық аспаптағы үздік орындаушы»номинациясы бойынша сыйлықтың лауреаты атанды.

Үздік әнші гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Михайлова Арина Андреевна болды.