Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы

6В01508- Биология мамандығының 3 курс  БҚ-311 топ білімгерлері қаңтар айының 9 шы жұлдызынан ақпан айының 11 ші жұлдызы аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. 3 курс білімгерлері 16 ақпан күні педагогикалық іс-тәжірибелік есептерін қорғады. Есеп барысында: теориялық білімдерін  практикамен ұштастырып, шыңдап келген тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп қабырғасында сыныптарға жетекшілік атқарған, сонымен қатар ашық сабақ және ашық сынып сағаттарын өткізіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығы жайлы есептерін баяндады.