Педагогикалық іс-тәжірибе қорытынды конференциясы

2023 жылғы 20  ақпанда Педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламасының МИҚ 311, ИПҚ 311, ФИПҚ 311, МИР 311 топ білімгерлерімен педагогикалық іс-тәжірибеден өткендігі туралы қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға Педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі  Ж. Жиембаев, п.ғ.к қауымдастырылған профессор А. Алдабергенова, іс- тәжірибеге жауапты әдіскер  Н.Ермекова, аға оқытушы К. Забиева, оқытушы дәріскер Г. Кастеева және  білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар іс- тәжірибе қорытындысы туралы есеп берді. Әдіскерлер өз білімгерлерінің іс-тәжірибелерін жоғары бағалады.