ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

13-18 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі Талдықорған қаласында, №27 орта мектеп гимназиясында өтті. Ережеге сәйкес олимпиада – 13 пән бойынша өткізілді. Жалпы қатысушылар саны – 492 оқушы.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында әр қатысушы «El Umiti» цифрлық онлайн платформасында веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып тапсырмаларды орындады. Қатысушыға жеке логин/пароль және жауап парақтарының бланкілері берілді.
Байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде Орыс тілі мен әдебиеті БББ оқытушылары Сералиева Н.Ж., Рысдаулетова Б.Т., Абайделданова М.Қ. «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәндері бойынша қатысты.