Көктем мерекесі-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

2023 жылғы 7 наурызда Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Қойшыбекұлы Рысбековтің бастамасымен нәзік жанды аруларға арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараны Қадыр Қойшыбекұлы құттықтау сөзімен бастап, жоғары мектеп оқытушылары мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Ер адамдар құттықтау бейнеролигін әзірлеп, ол мерекелік атмосфераны құрып қана қоймай, оларға жылы көңіл-күй сыйлады және жүздеріне күлкі сыйлады.
Тәтті тосынсыйлар, гүлдер табыс етілді және көптеген жылы сөздер айтылды, аналардың құрметіне, отбасының тірегіне, бейбітшілік пен келісімнің тірегіне, сұлулықтың символына айналған әйелдердің құрметіне әндер шырқалды. Өткізілген іс-шара-ешкімді бей-жай қалдырмады. Әйеледр қауымы гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ер азаматтарының еңбегін жоғары бағалады.