«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жеріміздің табиғатын зерттеудің маңыздылығы»

2023 жылдың 6 наурызында Жаратылыстану жоғары мектебінде «География» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-лекторы Б.С.Керімбайдың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жеріміздің табиғатын зерттеудің маңыздылығы» тақырыбында студенттердің ғылыми семинары өткізілді.

Ғылыми семинардың мақсаты ғаламдану үдерісінің заманауи тәуекелдері мен қауіптерін ескере отырып, студенттердің рухани құндылықтарын жаңғыртуға; туған жердің табиғатын зерттеудеғі ғылымның өзектілігін насихаттау; орта және жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау үшін дарынды жастарды анықтауға бағытталған;

 «География» және «Биология» БББ бойынша студенттер «Шөлейт зонасының құрғақшылық қаупін NDVI индексін қолданып зерттеу (Алматы облысы Ұйғыр ауданы мысалында)», «Ландшафттық  жоспарлаудың дизайн жобасында “Realtime landscaping PRO” бағдарламасын қолдану», «Алакөл көлінің  тарихи-географиялық жағдайы және халықаралық емдік туризмін дамыту мәселелері» және т.б. тақырыптармен өз жобаларын ұсынды.

Сонымен қатар, 3 курс «Биология» БББ студенті М.Жұманұров өзі академиялық ұтқырлықтан өткен Польшаның Лодзь университетінің ғалымдарының «Ecohydrology for urban water management and adaptation to climate change» тақырыбындағы жобасымен таныстырды.