Семинар

20 наурыз күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының ұйымдастыруымен «Times Higher Education World University Rankings» рейтингісі туралы семинар өтті. Семинарды университетіміздің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембаевна жүргізді. Семинардың мақсаты – беделді халықаралық Times Higher Education (THE) рейтингіне әлемнің жетекші университеттерінің қатысуының шетелдік тәжірибесін, оған отандық жоғары оқу орындарына түсу мәселелерін зерттеуге және әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне ену болып табылады. Семинарға құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Семинарда рейтингтің барлық көрсеткіштері мен оған қатысу жолдары талқыланды.