Семинар

«АТАМЕКЕН» ҰКП ӨКІЛДЕРІМЕН СЕМИНАР

2023 жылдың 31 наурызында Кәсіпкерлер палатасының өкілдері университеттің «Jas Galym» жоба жетекшілерімен докторанттар мен магистранттарға бизнес-жоспар дайындау, отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері бойынша семинар өткізді. Спикерлер Наурызбаева Сәния Дүйсембиевна – «Атамекен» ҰҚК Жетісу облыстық филиалы, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекші эксперті, Супабеков Жандос Анарбекұлы- «Атамекен» ҰҚК Жетісу облыстық филиалы, қаржылай емес қолдау бөлімінің маркетолог маманы. Семинар бизнес жобаларды талқылау форматында өтті. Семинар барысында бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларына қатысу тетіктері мен шарттары айтылды. Сондай-ақ, семинарда бизнес-жоспар құру кезінде жіберілген қателіктер талданды. Жандос Анарбекұлы бизнес-идеялар мен олардың болашағы, бизнес-жоспардың құрылымы және оны әзірлеу тәртібі және бизнес-жоспарларды құрудағы типтік қателіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар мазмұны жағынан өте бай болды, спикер негізгі мәліметтерді пысықтаудың әрбір сәтіне тоқталды, сондай-ақ тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Гранттар түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін бизнес-жоспарды дұрыс жасау қажет, сондықтан экономикалық ликбез ретінде өткізілген семинар жас ғалымдардың идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер ашады.