Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша тәжірибелік ой-толғау

Ағымдағы жылдың 31 наурызында, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің шет тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша тәжірибелік ой-толғау өтті. Кездесу басында шет тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі Орынбаева Ұлсерік Қыдырбайқызы сөз сөйледі. Халықаралық серіктестік пен стратегиялық даму орталығының қызметкері білімгерлерге университеттегі академиялық ұтқырлық үдерісі жайлы презентация ұсынды. Польша мемлекетіндегі Лодзь университетіне академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр көлемінде білім алып келген Шетел тілі мамандығының 3 курс білімгері Касенова Алинур “Poland: my road and experience” тақырыбында презентация жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Ағылшын тілі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, университет қабырғасында жүріп, елімізде жақын арада өткізілген депутаттық сайлауда ОБСЕ халықаралық бақылаушыларына ақылы түрде аудармашы қызметін атқарған Шетел тілі мамандығының 2 курс білімгері Әлімхан Толғанай осыған дәлел бола алды. Кездесу соңында білімгерлермен ашық пікір алмасу орын алды.