Семинар

2023 жылғы 20 наурызда Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының ұйымдастыруымен  «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарға Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің декан орынбасарлары, оқу жұмысы жөніндегі үйлестірушілері мен жоғары мектептердің білім беру бағдарламаларының басшылары қатысты.

Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.С.Бахтаулова «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» тақырыбы бойынша семинарға қатысушыларды Қазақстанның басқа ЖОО-ның қос диплом бағдарламалары және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен таныстырды, сондай-ақ ҚР ҰӘҚ жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы республиканың жоғары оқу орындарының мекемелеріне дайындаған талдауын таныстырды.

Құқық және экономика жоғары мектебі деканының орынбасары В. Бурнашева қатысушылардың назарына American Council, British Council, Қазақстан Республикасындағы Эрасмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі сияқты ұйымдардың халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламалары, шағын гранттар бағдарламалары, АҚШ-та оқуға арналған стипендиялық бағдарламалар бойынша ұсынатын мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Семинар қорытындысы бойынша жоғары мектептерде жоғары білім беруді интернационалдандыруды жандандыруға байланысты міндеттер қайта қаралды, ұтқырлық көрсеткіштерін арттыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктері және жоғары білім беруді интернационалдандырудың басқа да мәселелері қаралды.