Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доцентінің виртуалды дәрісі

Жаратылыстану жоғары мектебінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстанның жетекші университеттерінің білікті оқытушыларын дәріс оқуға шақыру үрдісі жүзеге асырылу жылдап жолға қойылған. 27.03.2023-22.04.2023  аралығында жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларыныңішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, п.ғ.к.Кенжебай Рабиға Нөкербекқызы 6В01510 «География-Тарих»БББ ГТҚ311 топ білімгерлеріне «Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тұрғылары», «Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы»пәндері бойынша онлайндәріс оқуда. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген профессордың дәрістерінебілімгерлер аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.