«Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты кураторлық сағат

2023 жылдың 03 сәуірінде Жаратылыстану жоғары мектебінің жартылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ-ның оқытушыcы Исабаев Ануардың ұйымдастыруымен 6В01509-«География», 6В01510-«География-Тарих» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықка қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты кураторлық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты студентердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.