«БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АШЫҚ ДӘРІС

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс ДШк111,112,113,117 (к\о) топ студенттеріне әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Л.С. Нурбосынова «Білім, ғылым, техника және технологиялар» (20.02.2023) тақырыбында «Философия» курсы бойынша инновациялық технологияларды пайдалана отырып ашық дәріс өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты ғылым философиясы мен білім философиясының тарихи және теориялық негіздерін, ғылыми танымның ерекшеліктерін, әлемнің ғылыми бейнесін, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс мәселелерін және қазіргі ғылымның даму перспективаларын негіздеу болды. Сабақтың үстінде студенттердің үлкен қызығушылығын тудырған мәселелер бұл «Білімді адам» моделі мен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» отандық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі ретінде.