Жастар арасындағы нашақорлықты алдын алу

2023 жылдың 5 сәуір күні Жаратылыстану жоғары мектебінде Биология мамандығының 3 курс білімгерлерімен топ кураторы Т.К.Укушева «Жастар арасындағы нашақорлықты алдын алу» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету. Нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Осы тақырып төңірегіндегі білімгерлер өз ойларын ортаға салып,  пікірлерімен алмасты.