«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЕРКЕШЛІГІ МЕН ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» АТТЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2023 жылғы 06 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру еркешлігі мен пәндік құзыреттілік» атты оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинарға оқытушы-профессорлар құрамы, 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Семинарды Талдықорған қ. Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тренер Досыкенова Алма Рахымберлиновна,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Білім беру бағдарламаларын жаңарту жөніндегі жобалық офис жетекшісі Шмидт Мария Александровна жүргізді.

Семинар барысында инклюзивті білім беру принциптері мен құндылықтары, инклюзивті саясат, инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе түсініктері қарастырылды. Сонымен қатар, «Қазақ тілі» сабағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға білім беру, оларды бағалау мен қолдау көрсетудің моделі талқыланып,  «Қазақ тілі» сабағында ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқау берілді. Алма Рахымберлиновна ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушылар үшін құнды болды.

Семинар соңында тренер Досыкенова Алма Рахымберлиновнаға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Қ.Баймырзаевтың Алғыс хаты табысталды.