ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ АДАЛ ЕМТИХАН

Сәуір айының алтыншы жұлдызы журналистика және ақпарат БББ-ның І курс білімгерлеріне І. Әлбатырұлының жетекшілігімен «Жемқорлықсыз емтихан» атты кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағат барысында студенттерге журналистиканың бастауы ретінде алған білімді адалынан дәлелдеуді талап етті. Жемқорлықтың жалпы қоғамға тигізер пайдасы жоқ екені баяндалып, болашақ журналистердің бұл бағыттан бойын аулақ ұстағаны жөн екені айтылды. Академиялық адалдықты сақтап, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттілігі басты назарға алынды.

Жиналыс соңында білімгерлер ой-пікірлерін ортаға салып, жемқорлықтың топ арасында белең алуына жол бермейтініне сөз берді.

Арайлым Мұхитқызы, Жқ111 топ білімгері