Жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы – дәріскері Дюсембинова Сауле Мырзабековнаның 60 жылдық мерейтойы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде п.ғ.м., жаратылыстану – ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы – дәріскері Дюсембинова Сауле Мырзабековнаның мерейлі 60 жылдығына арналған жиын өтті. Жиынды университет ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы жүргізді. Университет ректоры мерейтой иесі Сауле Мырзабековнаға «Ілияс Жансүгіров» төсбелгісін тақты.

Университет ардагерлері, қонақтары, университеттің професорлық-оқытушылық құрамы әріптестеріне жылы лебіздерін арнап, ғылым жолындағы өткен күндерінің естеліктерімен бөлісті. Алпысты еңсерген мерейтой иесін гүл шоқтарымен көмкеріп, иығына шапан жапты.

Сауле Мырзабековна Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 27 жылдан бастап қызмет етеді. Ол жоғары кәсіби мамандарды дайындап қана қоймай, шәкірттерінің бойына мейірімділік пен ізгілікті сіңіруді өзінің міндеті деп санайтын құрметті ұстаз.