Ә. ЫДЫРЫСОВ ОҚУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ – 3 ОРЫН

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы  республика бойынша студенттер мен магистранттарға, жас ғалымдарға арналған дәстүрлі «Ыдырысов оқуларын» өтті.  Байқаудың басты мақсаты: Әбілфайыз Ыдырысұлының өмірі мен өнегелі өмір жолын дәріптеп, студенттердің ғылыми ізденісін, шығармашылық жолын қалыптастыру.

Дәстүрлі «Ыдырысов оқулары» Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасымен бірлесе отырып  «Ең үздік ғылыми жұмыс»,  «Ең үздік баспасөз материалы», «Ең үздік мультимедиалық жоба», «Дизайн өнерінің үздік туындысы» атты номинация бойынша сарапқа салынды.

Астана, Шымкент, Алматы және Талдықорған қалаларындағы ЖОО студенттер шығармашылық сынға түсті. Каримова Бибігүл Жұмашқызының жетекшілігімен  Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының 2-курс білімгері Баймұхан Гүлнұр «Ең үздік мультимедиалық жоба» номинациясы бойынша 3-орынға ие болды. Жүлдең құтты болсын, Гүлнұр Баймұхан.