ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ МЕН  МАТЕРИАЛ ЖИНАУ КӨЗДЕРІ

11 сәуір 2023 жылы Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен  Ғылым күніне орай магистранттар мен докторанттар үшін  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университетінің  қауымдастырылған профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Маделханович «Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу  әдістері мен  материал жинау көздері» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрісте әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелері, зерттеу әдістері, түрлері туралы мағлұматтар айтылып, магистранттар мен докторанттар қойған сұрақтар негізінде талданып, талқыланды.