Ғылыми тағылымдама

Цюрих университетінде (Швейцария) ғылыми тағылымдама

2023 жылдың 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері т.ғ.к. Н.К.Байғабатова және магистр А.Б. Қашағанова «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және іскерлік орта» жобасы аясында Цюрих университетінде (Швейцария) 2 айлық ғылыми тағылымдамадан өтуде. Еуропалық Комиссияның H2020 MSCA-RISE бағдарламасы (жоба нөмірі 870647) қаржыландыратын бұл 4 жылдық зерттеу және оқыту жобасы Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, басқару және іскерлік орта арасындағы байланыс туралы жаңа білім алуға бағытталған  жоба.

Жобаны Еуропа мен Орталық Азияның 11 еліндегі 14 оқу орны жүзеге асыруда: Лунд университеті (жоба үйлестірушісі), Цюрих университеті, Манчестер университеті, Чарльз университеті, Мармара университеті, Стамбул Медипол университеті, Рига жоғары заң мектебі, университет Латвияның, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ташкент қаласындағы Вестминстер халықаралық университеті, Өзбекстанның Бас прокуратурасының академиясы, Қырғызстанның SIAR ғылыми-консалтингтік орталығы, Тәжік техникалық университетінің Худжанд политехникалық институты.

Тәжірибе барысында ғалымдарымыз жоба бойынша мақалалар дайындап, жетекші оқытушылардың сабақтарына қатысуға, әлеуметтік-мәдени антропология кафедрасының семинарлары мен апталық коллоквиумдарына қатысуға мүмкіндік алды. Тағылымдама аясында Цюрих университетінің ғалымдары, профессор П.Финке, доктор М.Санжак, доктор В.Герцогпен консультациялар жүргізіліп, жобаны жүзеге асырудың алдағы жоспарлары талқыланады.