«ЖАСТАР АРАСЫНДА СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

2023 жылғы 12 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында синтетикалық есірткіге тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 6В02302 – «Филология» білім беру бағдарламасы ФҚ 211 топ студенттері қатысты. Пікірсайыстың мақсаты – жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу.

Пікірсайыс барысында студенттер синтетикалық есірткіге тәуелділік мәселесінің әлемдік қауымдастықтағы, Қазақстандағы ахуалы, жастарға тигізетін зардаптары, оны шешудің тиімді тәжірибелері жайлы пікір алмасып, ой жарыстырды. Пікірсайыс тартысты өтті.