Академиялық ұтқырлық аясындағы семинар

Жаратылыстану жоғары мектебі университтеттер аралық ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, п.ғ.к. Кенжебай Рабиға Нөкербекқызы дәріс оқуға шақырылған.

11.04.2023 ж. доценті, п.ғ.к. Кенжебай Рабиға Нөкербекқызыжаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-профессорлық құрамы мен жас ғалымдарға «Білім беруде АКТ қолдану ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.Білім беру процесінде пайдаланылатын виртуалды зертханалар, компьютерлік бағдарламалар және платформалармен жұмыс істеудегі тәжірибесімен, сондай-ақ жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушыларымен бірлесе отырып, жүргізетін ғылыми жұмыстарының жоспарымен бөлісті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тақырып жан-жақты талқыланды.