«ӘРЕКЕТ 2023» ИННОВАЦИЯЛЫҚ STARTUP ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«ӘРЕКЕТ 2023» инновациялық Startup жобаларының республикалық байқауына республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам команда қатысуға өтінім берді. Конкурстың жартылай финалына іріктеу нәтижесінде үздік 50 жоба, оның ішінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білімгерлерінен: Кенесбай Нұрсауле Мирболатқызы (РЯЛняо112), Әбіш Самат Қанатұлы (ҚТӘ111), Қабылай Рәна (ШТҚ113), Құранбек Әділет Үсенұлы (ШТҚ113) құралған команда өтті. Жартылай финалда біздің командалар «QZO – Qazirgi zamannyń omartasy» және «Биокупол»жобаларын қорғады

Қорғау 2023 жылғы 7 сәуірде Тараз инновациялық институтында өтті.

50 жобаның жартылай финалынан кейін үздік 6 жоба финалға өтті, оның ішінде біздің команданың «Биокупол»жобасы да бар.

Байқау финалының қорытындысы бойынша біздің команда II орын және 100 000 KZT мөлшерінде ақшалай сыйлық алды.

Студенттер мен олардың ғылыми жетекшісі Әсел Ержанқызы Құлынтаеваны жеңісімен құттықтаймыз !!!