Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

2023 жылдың 3-14 сәуір аралығында Жаратылыстану жоғары мектебінің базасында Сүлейман Демирель атындағы университеттің «7М01501 – Математика» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін ғылыми тағылымдама ұйымдастырылып, өткізілді. Тағылымдаманың ғылыми жетекшісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нұрғабыл Д.Н. болды. Магистранттар тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына және университет кітапханасының оқу залдарына қатысуға мүмкіндік алды. Ғылыми тағылымдама барысында магистранттар магистрлік диссертация тақырыбына байланысты үлкен тәжірибе мен мәліметтер жинады. Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша магистранттар сертификаттар алды.