Байқау

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

20 сәуір І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде университет студенттері мен магистранттары арасында өткізілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы жобалар байқауының қорытындысы шықты.

Байқаудың міндеттері: Қазақстан Республикасында іске асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне назар аудару, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін әзірлеу.

Байқауда Жансүгіров колледжінің студенттері Омархан Мейіржан, Байбол Жанбол қатарластарын баса озып, бірінші орынды иеленді. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері Ким Валентина, Дәулетбекқызы Назерке, Джураева Адолат екінші орын алды. Ал, үшінші орын Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері Досан Дана және Емберген Заринаға бұйырды.