Семинар

2023 жылдың 20-21 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы Дүниежүзілік банктің «Педагогикалық білім берудің әлеуетін нығайту» жобасы бойынша қорытынды семинарға қатысты. Команда жетекшісі  – А.Беделбаева және педагогикалық әзірлеушілер – Н.Жанатбекова, А.Сапаргалиева. Семинарға Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Финляндия университеттерінің негізгі сарапшылары, Финляндияның Қазақстандағы Елшісі және Қазақстанның 17 университетінің өкілдері қатысты. Жоба аясында 2021-2023 жж. аралығында педагогикалық білім беру моделі және «Педагогика ғылымдары» саласы бойынша жаңа 30 білім беру бағдарламасы әзірленді. Жобаға қатысушыларға 300 академиялық сағат көлемінде, ал команда жетекшілеріне  Хяме қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) оқу бағдарламасының 3 модулі бойынша көзделген нәтижеге қол жеткізгені үшін 15 ESTS көлемінде біліктілігін арттыру бойынша  сертификаттар табысталды.