Дәріс-презентация

2023 жылғы 2 мамырда Құқық және экономика жоғары мектебі профессор-оқытушылар құрамы мен жастар арасында ғылымды насихаттауға бағытталған «Құқық және экономика саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері» атты дәріс-презентация өткізді.

Шетелдік және қазақстандық ғалымдар Zoom арқылы баяндама жасады:

– Даниэль Войтчак, заң ғылымдарының докторы, профессор, Катовице Бизнес университеті, Польша;

– Дашкова Виктория Юрьевна, философия докторы (PhD), Ядролық физика ғылыми-зерттеу институты, Чехия Ғылым Академиясы;

– Исаева Айнұр Жеңісқызы, философия докторы (PhD), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;

– Тынгишева Айнұр Мұхамедқалиқызы, философия докторы (PhD), Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;

– Ибраев Алишер Серикболович, аға оқытушы, Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі.

Сондай-ақ, «Салық салу жүйесінің ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктері («Қазақстандағы экономиканы фискалдық реттеу» монографиясының мысалында)» тақырыбында біздің университеттің оқытушы-дәріскер Бурнашева Венера Рашитовна баяндама жасады.