Алматы қаласындағы Камен үстіртіндегі обсерваториясына ғылыми-танымдық сапар

09.10.23 ж., физика-математика БББ І.Жансүгіров атындағы жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары ф.ғ.к., доценттер Рахымбеков А.Ж., Шакенов М.Б., оқытушы- дәріскер Куатбаева Д.Е. құрамының жетекшілігімен ФИПК-411 студенттерінің Алматы қаласындағы Камен үстіртіндегі обсерваториясына ғылыми-танымдық сапары болды. Экскурсия барысында біз Астрофизика институтының ғылыми қызметкерлері жүргізген жұлдызды аспан атласы туралы кіріспе лекциясын тыңдап, түнгі жұлдызды аспанды тамашаладық. Студенттерге Лира, Аққу, Кассиопея шоқжұлдыздары, Аққу шоқжұлдызындағы қос жұлдызды, Сатурн ғаламшарының сақинасы мен алып ғаламшар Юпитерді, және Жердің серігі Айды бақылау сияқты сирек мүмкіндік туды. І.Жансүгіров атындағы ЖУ-нің физика-математика ББ бағдарламасының оқытушылары мен студенттері Алматы қаласындағы обсерваторияға баруға көмек көрсеткені үшін университет басшылығына өздерінің ризашылығын білдіреді.